Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Интим видеоларын балаларына да жіберген: алматылық бұрынғы жігіті бопсалап жүргенін айтты

Алматылық бұрынғы жігітінің тарапынан психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты. Әйел ер адам оны жыныстық жақындық кезінде жасырын түрде видеоға түсірген болуы мүмкін екенін жеткізді, ал ажырасқаннан кейін бұл кадрларды жақындарына, әріптестеріне және таныстарына қорқытып, жібере бастаған. Бұл туралы Динара есімді алматылық айтып берді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Интим видеоларын балаларына да жіберген: алматылық бұрынғы жігіті бопсалап жүргенін айтты
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оның айтуынша, 2021 жылғы қарашадан бастап бүгінгі күнге дейін ол үнемі психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырап келген.

"WhatsApp-та топ құрылды, ішінде менің іскерлік таныстарымнан кем дегенде 200 адам болды. Чатта интим сипаттағы видео мен суреттер жіберілді. 2022 жылғы қазанда мектеп басшыларының, сондай-ақ, менің балаларымды оқытатын мұғалімдер бар үлкен топ құрылды. Бұл чатқа бұрынғы күйеуімнің туыстары, достарым, балалар, туыстарым кірді. Менің ойымша, бұл менің балаларымның мінез-құлқына және олардың психикасына әсер етті. Мектеп меңгерушісі де, мұғалімдер де мұндай сұмдықтан шошып кетті", - деп еске алды ол.

Алайда, Динараның айтуынша, бұрынғы сүйіктісі мұнымен тоқтамаған.

"Биыл 30 қаңтарда жеке ақпараттар, сондай-ақ, порнографиялық сипаттағы ұятсыз материалдармен "мен өзімді жек көремін" деген топ құрылды. Бұл туралы 14 жастағы жасөспірім қызым айтты. Оны да қосқан. 2022 жылғы желтоқсанда менің атымнан достарым мен туыстарымды қосып, порнографиялық сипаттағы материалдары бар тіркелмеген нөмірден чат құрылды. Бұл туралы чатқа қосылған достарым айтты", - деді әйел.

Оның айтуынша, WhatsApp чаттары әртүрлі тіркелмеген нөмірлерден ашылған. Жәбірленуші мұның бәрін оған қауіп төндіріп жүрген бұрынғы сүйіктісі жасағанына толық сенімді. Ол жақын қарым-қатынаста болған кезде ер адам пәтерін жөндеуге көмектескенін айтады. Алайда қарым-қатынас аяқталған кезде ер адам одан 9,5 миллион теңге талап еткен.

"Мұндай чаттар ай сайын тұрақты құрылып отырады. Барлық заңсыз әрекетті білемін, бұрынғы жігітім Э.Р. С. 2021 жылғы қарашадан бастап мені қорқытып, пәтерді жөндеуге жұмсалған ақшаны талап етті", - деді ол.

"Өзімнің, балалардың телефон нөмірін өзгертуге тырысқаныммен ештеңе шықпады, өйткені ол маған телефонды оңай бұзатын хакері бар екенін айтты. Ол ақша талап ете берген соң жылжымайтын мүлікті сатуға және тұрғылықты жерімді өзгертуге мәжбүр болдым! 2022 жылғы қаңтарда оның шотына 1 000 000 теңге жібердім, бірақ ол одан да көп, әлдеқайда көп талап етті! 2022 жылғы 8 шілдеде мен оған қудалауды тоқтатады деген үмітпен 6 600 000 теңге шотқа жібердім, содан кейін ол теңге құнсызданғанын ескерте отырып, одан да көп қарыз екенімді айтты", - деді жәбірленуші.

Динараның айтуынша, құқық қорғау органдарына бірнеше рет жүгінгенінен ешқандай нәтиже болмаған. Оның айтуынша, 47 жастағы бұрынғы сүйіктісі Өзбекстанның тумасы және ірі банктердің бірінде жұмыс істейді.

Алматы Полиция департаменті өкілі бұл іспен айналысып жатқандарын хабарлады.

"Бостандық ауданының полиция қызметкерлері жағдайды анықтап жатыр. ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданып, ер адамның іс-әрекетіне баға беріледі", - деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.