Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Екінші Димаш»: Жас әнші ерекше дауысымен елді тамсандырды

Әлеуметтік желіде Сәкен Әлімханов атты азаматтың өнері қызу талқыланып жатыр. Тыңдармандар оны Димаш Құдайбергенмен салыстырады, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ сайтына сілтеме жасап. 

«Екінші Димаш»: Жас әнші ерекше дауысымен елді тамсандырды
Фото: видеодан скриншот

Ал, ендеше! Сендер Димаш, Димаш дейсіңдер. Біздің шығыста әрбір қазақ – бір Димаш. Қарсы алыңыздар – Сәкен Әлімханов, - деп жазады Дәулет Бай атты әлеуметтік желі қолданушысы.

Шемонайха ауданының 95 жылдығына арналған концертте Сәкен Әлімханов ресейлік композитор Игорь Крутойдың «Қалжыраған аққулардың махаббаты» (Любовь уставщих лебедей) әнін орындайды. Бұл әнді әнші Димаш Құдайберген айтқан еді. Димаш секілді Сәкен де ноталы күрделі әнді нақышына салып орындайды.