Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Тағы біраз адамға 42 500 теңге төленетіні туралы sms хабарлама келді

"Хабарлама байланыс операторларының 400 мың абонентіне жіберілді..." - деді "ҰАТ" АҚ баспасөз хатшысы Анар Мағзұмова.

Тағы біраз адамға 42 500 теңге төленетіні туралы sms хабарлама келді
фото: ашық дереккөз

Кеше түнде кейбір қазақстандықтарға "42 500 теңге әлеуметтік төлемін алғыңыз келе ме?" деген сипатта SMS хабарлама келген, деп хабарлады paryz.kz.

Бүгін таңертең әлеуметтік желілерде SMS хабарламаның скриншоттары пайда болды. Онда қазақстандықтардан "5 шілдеден бастап кірісіңіз жоғалған жағдайда 42 500 теңге төлем алуға келісесіз бе?" деген сұрақ қойылған. Ал "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ оның техникалық ақау екенін мәлімдеді.

"Түнде жүйелерді жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізіліп, сол кезде орын алған ақаудан төлем тағайындалғаны туралы ескі хабарламаның жолдануына жол берілген. Хабарлама байланыс операторларының 400 мың абонентіне жіберілді. Бұл жағдай бей-жай қарайтын нәрсе емес, әрі ол адами фактор жағдайында орын алды. Себепсіз мазалағанымыз үшін кешірім сұраймыз әрі бұл жағдайға түсіністікпен қарағандарыңыз үшін өз ризашылығымызды білдіреміз!" - деді "ҰАТ" АҚ баспасөз хатшысы Анар Мағзұмова.