Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден түсірдім»: Түркия азаматы өрт туралы айтты

Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт туралы айтып берді. Ол 16-қабатта қалған балаларды құтқарды, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден түсірдім»: Түркия азаматы өрт туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

"Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорықпадым", - деді ол.

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды.