Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақмола облысында әкесі үш қызына қорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Ақмола облысының Астрахан ауданындағы Старый Колутон ауылында үш бала әкесі тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы хабарланды. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында ақпаратты тексеруге шақырды, деп хабарлады Paryz.kz.

Ақмола облысында әкесі үш қызына қорлық көрсетті деген күдікке ілінді
Фото: Azattyq Ruhy

 «Ақпаратты тексеруді сұраймыз! Балалар омбудсмені, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, #НеМолчиKZ қорының сенім телефонына бір отбасынан шыққан үш балаға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық туралы хабарлама келді», - деді Дина Таңсәрі.

Ол оқиғаның қайда болғанын айтты.

«Старый Колутон ауылы, Астрахан ауданы. Ата-аналар ішімдікке салынған, балаларды әкесі зорлайды. Бұл ақпаратты балалардың әжесі еріктілерге айтты. Тексеруді және шаралар қабылдауды сұраймыз», - деді құқық қорғаушы

Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Үш баланы (7, 9 және 11 жас) дәрігерлер тексерді — дене жарақаттары анықталған жоқ. Медициналық сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитеті оқиғаны назарға алғанын хабарлады.