Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Ақтаудағы тойға арнайы жасақ шақырылды – желіде видео тарады

Ақтау қаласында өткен тойға полиция шақырылды. Арнайы жасақты да тартуға тура келді, деп хабарлайды Paryz.kz "Лада" порталына сілтеме жасап.

Ақтаудағы тойға арнайы жасақ шақырылды – желіде видео тарады
© Sputnik / Тимур Батыршин

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видесы тарады. Тойға бірнеше полиция көлігі келді. Тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде жанжал басталды. Оқиға орнына арнайы жасақ та шақырылды.

Той 30 шілде күні автодром жақта болған. Ресми мәліметке сәйкес, Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінен хабарласқан қыз көмек сұрады. Оқиға орнына полиция экипажы жіберілді.

"22 жастағы ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша жауапқа тартылды. Оған қатысты әкімішілік хаттама рәсімделді", - дейді полицейлер.

Айта кетері, ұсақ бұзақылық үшін 20 айлық есептiк көрсеткiш (69 000 теңге) мөлшерiнде айыппұл не 5-15 тәулікке дейiн әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.