Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қарағандыда көшеде әйелмен жыныстық қатынасқа түскен ер адам жазаланды

Қарағандыда куәгерлер жұптың көшеде жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған. Облыстық Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Paryz.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда көшеде әйелмен жыныстық қатынасқа түскен ер адам жазаланды
Фото: әлеуметтік желіден

Фотода ер адам мен әйел Майқұдықтың төменгі жағындағы шағын саябақта оңаша қалуды ұйғарғанын көруге болады. Тұрғындар жұптың бұл әрекетіне шағымданған. Олар суретті әлеуметтік желіге салып, жағдайға назар аударуды сұрады.

Төменгі Майқұдықтың ауыр мәселесі. Бұл адамдарды не деп атарымды білмеймін. Тапа-тал түсте ұятсыз әрекет жасап жатыр. Айқайлап, қусаң да естімейді. Өз ісін жалғастыра береді. Бұл жерде балабақшамыз бар, ауламыз балаға толы. Бұл адамдармен қалай күресуге болады, - делінген жазбада.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаға қатысты реакция білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, Октябрь аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері заң бұзушыларды анықтады. Ол 36 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны болып шықты.

Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.