Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елорда тумалары пәтерден ыдыс-аяқ, киім, бұйым ұрлаған

Астаналық полицейлер құнды тон мен қымбат бұйым жымқырған пәтер ұрыларын анықтады.

Елорда тумалары пәтерден ыдыс-аяқ, киім, бұйым ұрлаған
Фото: ашық дереккөз

17 шілдеде Байқоңыр аудандық ПБ-ға арызданған қала тұрғыны Жетісай көшесінің бойында орналасқан тұрғын үйіне заңсыз кірген белгісіз біреулерге шара қолдануды сұраған. Жәбірленушінің айтуынша, олар әшекей бұйымдары мен 2 тонын жасырын ұрлап, 200 мың теңгедей материалдық шығын келтірген.

Аталған қылмыстық әрекет бойынша жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Астана қаласының бұрын сотталмаған А. және Ж. есімді тумалары анықталды. Тергеу барысында олардың көше аралап, оңай жолмен ақша табуды көздегені белгілі болды.

Жетісай көшесіндегі терезелері ашық тұрған үйді байқаған ұрылар әйелдің 2 тонын, блендер мен ыдыс-аяқтар және бағалы сырғаларды қолды еткен.

Ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен («Ұрлық») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.