Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Денис Теннің өліміне қатысы бар бір күдікті бостандыққа шықты

Сотталушының қаңтарда Қылмыстық Кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

Денис Теннің өліміне қатысы бар бір күдікті бостандыққа шықты
фото: дереккөз

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысы бар сотталушы бостандыққа шықты. Жанар Толыбаеваның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл туралы Жоғарғы Соты аппаратының tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтылды, деп хабарлады paryz.kz

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

"Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Үкім 2 жыл бұрын, 2019 жылдың 17 қаңтарында шығарылған еді. Сол жылдың наурыз айында ол Алматы колониясында босаған болатын. Бір аптадан соң апелляциялық сот алқасы оны ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстырған еді.

Еске салайық, 2018 жылы 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді.

Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде оның аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Кейін ол ауруханада көз жұмды.