Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

«Балаларыма масыл болғым келмейді»: астаналық әже такси жүргізіп жүр (ВИДЕО)

«Сұрауы бар» Youtube арнасына астаналықтар «Такси апа» атап кеткен 70 жастағы көлік жүргізушіге қатысты қызықты видео жарияланды.

«Балаларыма масыл болғым келмейді»: астаналық әже такси жүргізіп жүр (ВИДЕО)
фото: Halyq uni

«Такси апаның» аты-жөні – Тамара Садақбай. Ол шақырту бойынша тиісті мекенжайға барғанда тұтынушылардың  көбі көлік тізгіндеген зейнеткерді көріп, таңданысын жасыра алмайды екен. Ал жастар жағы «Рөлге қалай отырдыңыз?», «Кім үйретті?», «Жүргізуші куәлігін қалай алдыңыз?» деп сұрақтың астына алатын көрінеді.

Мен көрген бейнетті ешкімнің басына бермесін. Аяқасты үйіміз өртенді. Жолдасым дертке шалдықты. Бірақ өмір – өзен ғой. Мойымау керек. Бәрі болады. Құдайға шүкір, денсаулығым жақсы. Таксиден тапқанымды тамаққа жұмсаймын. Жол ережесін бұзбаймын. Балаларыма масыл болғым келмейді. Керісінше, мені үлгі тұтқанын қалаймын, - дейді Тамара әже.

Ол жолдасымен бірге 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірген. Қазір барлығының өз алдына бөлек ақ отауы бар. Жолдасы сырқаттанбай тұрып, өмір бойы мал шаруашылығымен айналысқан. Алайда соңғы жылдары отағасының денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалған.

Тамара әже «үйде бос жата алмадым» дейді. Отбасын асырау үшін таксиге отырып, бірнеше жылдан бері кісі тасумен айналысып келеді.

Алайда астаналықтардың «Такси апасы» бұл жұмысынан қанша табыс табатынын ашып айтпады.

Бастысы, күнкөрісіме, немерелерімнің тәтті-пәттісін әперуге жетеді, - дейді.

Кейіпкеріміз туралы толығырақ сюжет жоғарыдағы видеода.