Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қытай мен Қазақстан азаматтары қылмыстық топ құрған

Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) шаяндарының контрабандасын жүзеге асырғаны үшін айыпталған...

Қытай мен Қазақстан азаматтары қылмыстық топ құрған
фото: ашық дереккөз

Алматыда биологиялық ресурстар контрабандасымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлады paryz.kz, Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қытай мен Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) шаяндарының контрабандасын жүзеге асырғаны үшін айыпталған болатын. Олар Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурсты контрабандалық жолмен өткізу кезінде ұсталған.

Алматы қалалық мамандандырылған сотының үкімімен 4 айыпталушы ҚР ҚК 234-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы ("Экономикалық контрабанда"), 264-бабының 1-2-бөлігі ("Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") және 214-бабының 2-бөлігі ("Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет")  бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.