Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралда әйел күйеуін пышақтап өлтірді

Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін тіл тартпай кетіпті.

Оралда әйел күйеуін пышақтап өлтірді
фото: ашық дереккөз

Орал тұрғыны азаматтық некедегі күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлады paryz.kz, БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 28 желтоқсан күні түнгі сағат екілер шамасында Орал қаласының Кердері көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 37 жастағы әйел өзінің азаматтық некедегі жұбайымен жанжалдасып қалған. Жанжал барысында ол ер адамның кеудесіне пышақ жарақатын салған. Зардап шегуші ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем келгенге дейін тіл тартпай кетіпті. Ал күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 1-бөлімі ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.