Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Е.БАПИ: «Қаңтар рубикон болды»

Мәжілісмен Ермұрат Бәпи «Paryz.kz» берген сұхбатында Қаңтар трагедиясы қоғамға қозғау салып, билік үшін тоқыраудың қауіптілігін,  оның ұшпаққа апармайтна белгі беріп кеткенін айтты...

Е.БАПИ: «Қаңтар рубикон болды»

- Қаңтарда әрине жазықсыз жандар өлді, еш кінәсіз адамдардың қаны төгілді. Бұл өте өкінішті.  Қаңтардағы төгілген қан текке төгілген жоқ. Әрине, қаңтар трагедиясында жапа шеккендердің жақын-жуықтарының қайғысы ешуақытта ұмытылмайды. Бірақ, сол қан елге, билікке қозғау салып кетті. Елге, билікке, жалпы мемлекетке қозғау салып кетті. Бұл тоқырау елді еш жаққа апармайтынына көз жеткізді. Сол аласапыраннан соң, бір нәрсені мойындауымыз керек. Қ-Ж.Тоқаевтың Президент болуы да қаңтардан кейін жүзеге асты. Оған дейін ол өз тұғырында болмаған, елде қос билік болған, - деді Ермұрат Бапи «Paryz.kz» берген сұхбатында.

Оның айтуынша, оған дейін елімізде теулсіз БАҚ мен блогерлер де қазіргідей болмаған. 2019 жылдан кейін ғана елімізде бірнеше саяси қозғалыстар мен тәуелсіз блогерлер пайда болған.