Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Дәрігер қандай адамдардың арықтай алмайтынын айтты

Артық салмақ бүгінгі күні көп адамның басын ауыртып, балтырын сыздатқан мәселеге айналды. Одан арылу үшін адамның ерік-жігері мен артық салмақтан арылуға деген ұмтылысы болуы тиіс. Алайда кей жағдайда мұның өзі жеткіліксіз болып жатады. Дәрігер қандай адамдарға арықтау үшін диета да, жаттығу жұмысы да көмектеспейтінін атады деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер қандай адамдардың арықтай алмайтынын айтты
Фото: pixabay.com

Кейде адамдар үшін артық салмақ тастау қарапайым көрінеді. Аз тамақтанады, көбірек жаттығулар жасау арқылы арықтауға тырысады. Бірақ кейбір жандар жылдар бойы артық салмақтан арыла алмайды. Спорт пен диета барылығына бірдей көмектесе ме? Немесе әлдеқайда көп күшті қажет ететін сәттер болады ма? Медецина ғылымдарының докторы және бариатриялық хирург Владимир Самойловтың пікірніше семіздік нақты ауру және оны емдеу оңай емес.

"Адамдар дұрыс  тамақтанбағандықтан ғана семіреді деген пікір бар. Және көпшілігі өмір салтын дұрыстаса бәрі түзеледі деп ойлайды. Алайда, бұл бәріне бірдей әсер етпейді. Егер пациенттің дене салмағының индексі 30-дан асса, онда оған диета да, жаттығу да еш көмектеспейді, - дейді ол."

pixabay

Дене салмағының индексі салмақ (кг)/ бой (м)2 формуласы бойынша есептеледі. Сондай-ақ дәрігердің айтуынша диета мен жаттығулар арқылы арықтаған адамдардың 90 пайызы қайтадан салмақ қосып алады. Семіздікті өзге аурулар секілді тек ерік-жігермен жеңу мүмкін емес.

"Семіздікке шалдыққан адамның метаболизмі бұзылған. Ол адамның жиі қарны ашады. Себебі, асқазан анатомиясының өзгеріске ұшырауына байланысты көбірек тамақты талап етеді. Салдарынан адамдар ұзақ жылдар бойы нәтижесіз диеталар ұстап, өз-өзін қинайды, - дейді терапевт Веретюк."

Сонымен қатар дәрігерлер артық салмағы бар адамдар тұйықтала бастайтындығын айтты. Диетаға отырғаннан кейін калория тапшылығы болса да, оның денесі майларды сақтап, аштық сезімі пайда болады. Сондықтан семіздікті емдеумен психолог, диетолог, эндокринолог және бариатриялық хирург секілді мамандар тобы айналысуы керек.