Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Адамдар 2023 жылға дейін коронавирустың 3 формасымен ауырады" - экстрасенс

Сандардың сырын ашқан нумеролог алдағы жылы да медицина қызметкерлері мен әскерилерге артылған жүк азаймайтынын жеткізді.

"Адамдар 2023 жылға дейін коронавирустың 3 формасымен ауырады" - экстрасенс
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық экстрасенс Қажет Ахметжанова коронавирустан құтылатын уақытты айтып берді, деп хабарлады paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Осы наурызда кетеді коронавирус. Бірақ коронавирустың тағы бір формасы келейін деп тұр. Одан құтылғаннан кейін тағы да бір формасы келеді. 2023 жылға дейін 3 формасымен ауырады адамдар", - деді ол.

Экстрасенс Алматы қаласының атқамінерлеріне үндеу жасады. Өйткені 2021 жылы судан қауіп бар екен.  

"Таудан да қауіп бар. Жер сілкінісі де болуы мүмкін. Су қоймасы күрделі жөндеуді қажет етеді, қауіпті. Сол үшін алдын алу қажет", - деді Қажет Ахметжанова.

Бұдан басқа, 2021 жыл алдына мақсат қойған жандардың жолы болатын жыл екен. Ерекше дарынды балалар өмірге келетін көрінеді. 

Сондай-ақ, сиыр жылы елдің жаһандануына ең оңтайлы кезең болады-мыс. Бұл - нумеролог Құралай Бақытқызының болжамы. Сандардың сырын ашқан нумеролог алдағы жылы да медицина қызметкерлері мен әскерилерге артылған жүк азаймайтынын жеткізді. Дегенмен 2020 жылдағыдай қиындықтар болмайтын сияқты. Жыл диханшыларға, бизнес бастағандарға қолайлы болмақ.

"Осы жылы ауыл шаруашылығын дамытып, халықтың экономикалық жағдайын жақсартуға жақсы мүмкіндік бар. Адам жоқтан барды жасап, өзін дамытып, бір кәсіпті игеріп алға шағын бизнес аша ма... жалпы, өзін бағалап, өсетін жыл", - деді нумеролог Құралай Бақытқызы.

Тағы оқи отырыңыз: "2021 жылы Қазақстан дамиды..." - үндістандық астролог болжам жасады

Ол сиыр жылы да металл болғандықтан, алдағы 6 ай қиындық тудыруы ықтимал екенін айтты. Сондықтан адамдарға жолға шыққанда сақ болуға кеңес берді.