Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ұлттық сана мен тамақтану әдебі

Қазіргі кезде көпшілігіміз жүре тамақтанамыз. Осы жүре тамақтанудың кесірінен артық салмақ қосамыз. Неге? Өйткені тез дайындалатын тағамдар арқылы біздің ағзамызға тұз шамадан көп жиналады. Ал, ағзамыздағы тұз біздің бойымызға су ұстайды.

Ұлттық сана мен тамақтану әдебі
Сурет: stan.kz

Сондықтан, күнделікті өзіміз жұмсайтын қуатқа сәйкес, дұрыс тамақтана білуіміз керек.

Бір нәрсені түсінуіміз керек, қазіргі космополиттік өзгерістерге біздің ағзамыз дайын емес. Ең бастысы біздің эндокриндік жүйеміздің өзі мұндай өзгерісті қаламайды. Ағза өзіне ғасырлар бойғы дағды бойынша қажетін алуы керек. Ал, генофондымызда жоқ тағам түрлерін пайдалану арқылы біз өз ағзамызды күйзеліске түсіріп алмауымыз керек.

Мәселен, дүкен сөрелеріндегі тауық етін өндірушілер құс етінің тез өсуіне, оның етті болуына, сөйтіп тауардың тезірек нарыққа шығуына мүдделі. Сондықтан, тауық фермасының қожайындары құсқа беретін қоспа жеммен бірге оларға түрлі дәрумендермен қоса, антибиотиктер мен гармондарды, түрлі тұздармен синтетикалық жолмен жасалған азықтық қоспаларды қоса береді. Бұл ешқандай де құпия емес. Біз сол тауық етін аламыз, оны термикалық өзгерістерге түсіріп, қуырамыз, суға пісіріп сорпалаймыз. Сол етті жеу арқылы, тағамның құрамындағы гармондар, антибиотиктер мен тұздар адам ағзасына келіп түседі. Сөйтіп ол біздің ағзамызға мутагендік, концерогендік және қоректік әсер етеді. Осы арқылы біздің ағзамызға күш түседі.

Енді осы тағамдарды жеген бала ағзасында міндетті түрде әр-түрлі ауытқулар пайда болады. Ол ішкі саекреция бездерінің немесе эндокриндік жүйеге, ас қорыту жүйесіне бүйрек, несеп жүйесіне, қан тамыры, ми-ойлау жүйесінің барлығына әсер етеді.

Сондықтан, әсіресе тез тамақ дайындау орындарындағы тауық етінің барлығы адам ағзасына пайдалы болады деу – ақымақтық.