Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Аталар аманатына адалдық

22 маусым – КСРО-ға тұтқиылдан неміс-фашистерінің шабуыл жасаған күні. Енді сол сұм соғыстан оралмаған аталарымыздың аманаты барлығымызды ойлантуға тиісті.

Аталар аманатына адалдық
Фото ©РИА Новости

Бұл соғыс жайлы біздің өзіміз кинодан көріп, кітаптан оқыдық. Ал, кейінгі ұрпақ ол туралы аз біледі. Сондықтан, сол сұрапыл соғыс жайлы олардың есіне біз салып тұруға тиіспіз. Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан бір жарым миллиондай қазақстандық аттанды. Соның 630 мыңы опат болды. 270 мынан аса адам із-түзсіз хабарсыз кетті. 18 жасқа енді келген бозбалалар көптеп аттанған-ды.  Осы құрбандардың көпшілігінің артында тікелей ұрпақ та қалмады. Соған сәйкес, 270 мың адамның бұл күндері іздеушісі – Қазақстан мемлекеті. Соғыс құрбандарының әруағының  ризашылығын алып, құрмет көрсетпесек, бізге сын. Биыл, 22 маусым күні Қазақстан аумағындағы барлық мешіттер мен шіркеулеулерде сол боздақтардың әруағына  бір уақытта мінажат етіліп, құран оқылатын болады.

   Қазақта «Жеті атасын білмеген – жетесіз» - деген сөз бар. Қазақ халқының әдет-ғұрпына қатысты шетелдік ғалымдар ғылыми негіздерін жасауда. Мәселен, Берт Хеллинберг өткен ХХ ғасырда үлкен зерттеулер жасап, өткенде үлкен тұжырым жасады: әр адамның оң иығында әкесінің жеті атасының руһы қонақтаса, сол иығында анасының жеті атасы қонақтайды екен. Әр адам,тіпті қыз бен жігіт бір-бірімен танысып-біліскенде, тек өздері ғана емес, олардың ата-бабасы да тілдесіп отырады екен. Бұл ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келе жатқан ататегі, әруақтардың құдіреті болса керек.

Егер, осы жеті атаның бірі қатардан шығып қалса, ал, қатардан шығу дегеніміз – халық жауы ма, қарғыс арқалады ма, болмаса, елден алғыс алса  да ол жеті ұрпағына тарайды. Егер, аталарының бірі қылмыс жасап, оны ұрпақтарынан жасыру үшін жеті ата тізімінен шығарып тастауы мүмкін. Тізімнен шыққанымен, ұрпақтар сабақтастығы деген тәртіп бар. Сол бойынша, арғы тектегі қателіктің ұрпақтар бойында қайталана беруі мүмкін. Бұл тек жаманатқа ғана қатысты емес, жақсылығы болса, ол да ұрпағының алдынан шығады. Сондықтан, тарихқа қайта шегініс жасап, аталардың бізге жарық дүние сыйлағаны үшін кешірім етіп, қатарға қабылдағанда бәрі орнына келеді екен. Мұны атам қазақ жақсылықтың да жамандықтың да ұрпағының алдынан шығатынын баяғыда-ақ айтып кеткен.

Осы 270 мың адамның сүйегінің қайда қалғаны белгісіз. Сол хабарсыз кеткен жаназасы шығарылмаған боздақтардың әруағына әлсін-әлсін құран оқытып тұру, тірі жүрген мына біздердің парызымыз. Елімізде «Атамның аманаты» деген қоғамдық ұйым бар. Осы ұйым ешқандай қаражатсыз, энтузиаст адамдардың көмегімен хабар-ошарсыз кеткен солдаттарды жүйелі түрде іздеумен айналысады. Бас-аяғы 4 жылдың ішінде 7 мыңнан аса  өтініш түсіп, соның 2 200 – астамының дерегі табылып, қайда жерленгені анықталды.