Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Асық ойнаған азар, бәрінен де қой баққан озар...»

90-жылдардағы тоқырау кезінен бастап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің біразын біздің  еліміз сырттан тасуға мәжбүр. Жалпы, төрт түлік малдың ішіндегі қой малы Алла алқаған жануар ғой.

«Асық ойнаған азар, бәрінен де қой баққан озар...»
Сурет: okg.kz

Алтайдан Атырауға дейінгі, оңтүстіктен теріскейге дейінгі сайын далада жайылып жүрген қой малы 300-ге жуық түрлі улы шөптерді жейді екен. Ал, сиыр малы 70-шақты түрлі шөпті жейді. Қой да, сиыр да күйіс қайтарады.

Енді осы 300 түрлі шөпті жейтін қой  еті біз үшін дәрумендердің таусылмас көзі емес пе? Біз егер сол 300 түрлі шөпті молекулярлық деңгейде ыдыратып, жеке-жеке өңдейтін болсақ, қаншама өндіріс көзін ашуымыз керек? Қаншама уақыт керек? Қаншама күш-жігер керек? Осындай мол дәрумендерді жаратушымыз қой еті арқылы адам ағзасына сіңімді етіп беріп отыр.

Талбесіктен жербесікке дейінгі өмірінде қазақтың көп қажетін қой арқылы ашқандай. Сыйлы адамы келсе, қой сойып, басын тартады. Бас тартылған жерде бата беріледі.

Ал, батамен бүтін ел көгерген. Келіні босанса, ұзатылған қызының артынан нағашы жұрты қалжаға қой сойып әкеледі. Қалжаның сорпасын жас босанған келіншек ішіп  Туған-туыстары сол малдың етінен ауыз тиеді.  

Енді, қой құйрығына келсек, қой жеген шөптің барлық қоректік заттары осы құрыққа жиналады. Кезінде улы заттарды осы қой құйрығымен «өлтірген». Сөйтіп, дәрі ретінде пайдаланған. Енді қой құйрығының структурасына келсек, оның құрамында көмірсутегі, май мен ақуыз бар. Яғни тұнып тұрған пайдалы заттардың кеніші. Сондықтан, нәрестеге қой құйрығын сорғызудын еш зияны жоқ.