Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қарыз алып құрбан шалуға бола ма – мүфтият жауабы

Құрбан айт күндері жағдайы келмейтін адамдарға қарыз алып құрбандық шалу міндет емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Қарыз алып құрбан шалуға бола ма – мүфтият жауабы
© Sputnik / Абзал Калиев

"Құрбан шалу үшін қарыз алып құрбан шалу міндет емес. Өйткені құрбан шалу үшін адамның жағдайы болуы керек. Жағдайы бар адам ғана құрбан шалады. Ал енді жағдайы келмейтін адам қарызданып, құрбандық шалу оған міндет емес", - деді Мансұров орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ мүфтият өкілі құрбан шалмай, оның ақшасын садақа ретінде беруге болмайтынын атап өтті.

"Құрбандық кезінде құрбан шалудағы мақсат – қан ағызу. Үш күн ішінде құрбан шалуымыз міндет, оның орнына садақа етіп бере алмаймыз. Садақа ретінде құрбандық қаражаты жүрмейді", - деп мәлімдеді Мансұров.

Ол зұлхижжа айының қасиетті күндері қосымша садақа беріле беретінін айтты.

"Алайда Құрбан айт кезінде құрбандық ақшасын садақа ретінде бере алмаймыз. Шамамыз келсе міндетті түрде құрбандық шалу бізге уәжіп болады", - деп түсіндірді бөлім меңгерушісі.

Айта кетері, биыл қасиетті Құрбан айттың алғашқы күні 28 маусымға түсіп тұр.