"Қызыл күрте киген ер-азаматтар қайда қарайды осы?!. Біздің халық соншама білімсіз бе не?! Тек хайп үшін өмір сүреді", - дейді ол.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдың алғашқы күнінде түскен суреті астына қытайлық телефон үлгісін "жарнамалап", сынға ұшыраған еді. Енді оның сол сәттегі қызыл күртесіне ұқсаған киімдермен, қытайлық телефон арқылы челлендж жасап жүрген жұрт та назардан тыс қалмады, деп жазды paryz.kz.
Facebook-тегі "Әділетті Қазақстан үшін" ("За справедливый Казахстан" тобының әкімшісі, Zara Kazahstan лақап атты желі қолданушы аталған топқа сол қызыл киімділерге деген ренішін білдірген.
"Міне, Тоқаевты қолдайтындар қызыл түсті күрте киген. Мүмкін оған Қазақстанды жақсы жаққа өзгертеді деп сенетін шығар. Тоқаев болса, зейнет жасын ұзарту арқылы әйелдердің өмірін қиындатты. Қызыл күрте киген ер-азаматтар қайда қарайды осы?!. Біздің халық соншама білімсіз бе не?! Тек хайп үшін өмір сүреді. Мақтаншақ елміз. "Үйіне барсаң иті бар, дамбалында биті бар".
Қазақстанда көптеген отбасылар сот процестерінен зардап шегіп, жалғыз баспанасынан айырылуда. Жастар жалдамалы пәтерлерде тұрады немесе өмір бойы несиенің құлы болып жүр", - дейді ол.
Тағы оқи отырыңыз: Тоқаевтың қытайлық телефонға "жарнама жасағаны" сынға ұшырады (ФОТО)
Өзге желі қолданушылар да оны бірауыздан қолдап, тіпті, елімізде қызыл түсті күртелердің қымбаттап кетуі де мүмкін екенін айтуда.