16 материал сотқа беріліп, 5 іс бойынша қызметін тоқтату және 100 АЕК айыппұл салу туралы шешім қабылданды.
Алматыда карантин ережелерін бұзып, түнгі клубқа айналып жатқан мейрамханалар саны көбеюде, деп хабарлады paryz.kz.
Мониторинг топтардың тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 959 хаттама жасалған. Оның ішінде заңды тұлғаларға – 48 378 870 теңге сомасына 243 хаттама, жеке тұлғаларға қатысты маска режимін бұзғаны үшін 29 835 720 теңге сомасына 716 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды.
Бұдан бөлек, 16 материал сотқа беріліп, 5 іс бойынша қызметін тоқтату және 100 АЕК айыппұл салу туралы шешім қабылданды.
"Сонымен қатар, қалада мейрамханаларды түнгі клубтарға қайта бейіндеу үрдісі байқалып жатыр. Мұндай әрекет коронавирус инфекциясының таралу қаупі бойынша қосымша қауіп төндіреді", - делінген хабарламада.