Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Биылдан бастап 16 жасқа толғандар саусақ іздерін тапсыруға міндеттелді

Одан бас тарту 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Биылдан бастап 16 жасқа толғандар саусақ іздерін тапсыруға міндеттелді
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда жеке куәлікті алғаннан кейін саусақ іздері міндетті түрде енгізізілетін болды, деп хабарлады paryz.kz.

Cаусақ іздерін, геномдық ақпаратты жинау, өңдеу және қорғауды көздейтін «Саусақ іздері және геномдық тіркеу туралы» заң 1 қаңтарда қабылданып кетті. Заңға сәйкес, 16 жасқа толған Қазақстан азаматтары, шетелдіктер мен қылмыскерлер саусақ іздерін тапсыруға міндетті болады. Ал 12 жастан асқан балалардан саусақ іздері ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен алынады.

Саусақ іздері туралы мәліметтер жеке куәліктің чипіне және паспортқа енгізіледі. Одан бас тарту 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. 1 АЕК – 2917 теңге. Ал ДНҚ үлгілері саусақ іздерімен бірдей мәліметтер базасында сақталады.

Тағы оқи отырыңыз: Енді Қазақстан азаматтары саусақ іздерін тапсыруға міндеттелуі мүмкін

ІІМ мәліметінше, саусақ іздерін міндетті түрде алу қылмыстың ашылу деңгейін арттырады.