Жалпы, облыста 265 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 98, аудандардағы стационарларда 37 науқас ем қабылдап жатыр.
Атырау облысындағы Теңіз кенішінде тағы 42 жұмысшыдан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады paryz.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Атырау қаласында 13, Теңіз кенішінен 42, Жылыой ауданында 2, Махамбет ауданында 1, Құрманғазы ауданында 7 адамнан Сovid-19 анықталды.
Жалпы, облыста 265 адам үй жағдайында, облыстық инфекциялық стационарда 98, аудандардағы стационарларда 37 науқас ем қабылдап жатыр. Ал Теңіз кенішіндегі стационарға 627 пациент жатқызылған.