Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Отбасымды асырауға жетпейді: Ринат Зайытов жалақысының 800 мың теңге екенін айтты

Парламент мәжілісінің депутаты, айтыскер Ринат Зайытов қазір алатын жалақысының отбасын асырауға жетпейтінін айтты. Abay Live бағдарламасына келген ақын айлығының қанша екенін мәлім етті, деп жазады paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Отбасымды асырауға жетпейді: Ринат Зайытов жалақысының 800 мың теңге екенін айтты
Фото: видеодан скриншот

"Қолыма алатын жалақым - 800 мың теңге. Жасырмаймын, ол менің отбасымды асырауға жетпейді. Үлкен қызым оқуға түсетін болса, тіпті жетпей қалады. Беташарға енді баратын шығармын. Беташар деген бекітілген бизнес емес қой. Біреу 200 теңге, 500 теңге салуы мүмкін. Бұл сенің көрімдігің ғой. Материалдық жағынан көп көмектеседі. Мен мұны жұмыс деп емес, шығармашылықпен айналысу деп қабылдаймын.

Тиісті көрімдігін береді. Кейде бермей де қалады, оны жасырмайсың. Кейде 70 мың теңге, кейде 200 мың теңге болуы мүмкін. Ол да бұйрығына байланысты. Айтысқа шығуға болады. Бірақ дайындық жоқ. Кешке дейін ана заң, мына заң, парламент регламенті дегенді жаттап жүрмін. Оны бәрін жатқа білмесең, тағы сені талап жейді. Қазір арқаны кеңге салғаннан кейін уақыт болмай жүр. Өзім де қарсы емеспін. Керісінше, депутат боп айтысып көргім келеді. Билік өкілінің бетіне біреу сөйлесе деген айтыстағы арманым еді. Ал менің қарсыласыма осындай мүмкіндік береді", - деді Ринат Зайытов.