Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"2021 жылы Қазақстан дамиды..." - үндістандық астролог болжам жасады

"Бұл сіздің мемлекет сыртқы факторлар мен басқа мемлекеттердің саясатына тәуелді екенін көрсетеді. Ал 3 жылдан кейін басқа астрологиялық кезең басталады да, сіздер өркендей бастайсыздар..."

"2021 жылы Қазақстан дамиды..." - үндістандық астролог болжам жасады
фото: Azattyq ruhy

Үндістанның танымал астрологы Бхарат Тхамби Қазақстанға қатысты болжамын жариялады, деп хабарлады paryz.kz, "Экспресс-К" баслымына сілтеме жасап. 

Үндістанның танымал астрологы Бхарат Тхамби алдағы 3 жыл Қазақстан үшін ауыр болатынын болжады. Содан кейін еліміздің өркендеуі басталып, ал 2021 жылы біз бақуатты өмір сүреді екенбіз.

Үнді астрологы Нұр-Сұлтанға өзінің клиентінің шақыртуымен ұшып келген. Бхарат Тхамби әйгілі брахмандық діни қызметкерлер кастасына жатады. Ол Қазақстанға қатысты өз болжамын жасады.

"Сіз теңгенің девальвациясы үшін алаңдамайсыз, - деп сенімді түрде мәлімдеді астролог. - Қазақстан қазір Шолпан жұлдызының ықпалында. Бұл сіздің мемлекет сыртқы факторлар мен басқа мемлекеттердің саясатына тәуелді екенін көрсетеді. Ал 3 жылдан кейін басқа астрологиялық кезең басталады да, сіздер өркендей бастайсыздар. Ал 2021 жылы сіздердің мемлекеттеріңіз дамиды. Астрологиялық картаға қарап отырып, мен Қазақстанды бір жарықтың жебеп отырғанын көрдім. Жұлдыздар маған бұл жерде сарқылмас мұнай мен уранның жаңа кен орындары табылатынын көрсетті".