Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

Адам танымастай күйге түскен композитор Арман Қайназаровқа жомарт жандар көмектесті

Жомарт жандар көптеген әннің авторы, қызылордалық Арман Қайназаровты тауып алып көмектесті, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

Адам танымастай күйге түскен композитор Арман Қайназаровқа жомарт жандар көмектесті
Фото: әлеуметтік желіден

Оның жағдайын алғаш болып қозғап, жақындарына іздеу салған сырбойылық ақын Есет Табынбаев жақсы жаңалықты Facebook-парақшасында бөлісті.

"Кешегі қазалылық азамат Арман Қайназаровты жігіттер тауып алып, қол ұшын созған екен. Үмітсіз шайтан ғана. Келешекке деген талпынысы мықты болып тұр. Қолтығынан сүйеген, орнынан тұруға демеп жатқан азаматтарға Алла сауаптан жазғай! Десе де бір адамның тағдырына немқұрайды қарамай, жан-жақтан сұрастырып, көңілдегі адами асылдығын білдіріп жатқан ағайынға алғыс айтамын", - деп жазды ол.

Арман Қайназаров табылған кезде үш күннен бері тамақ ішпегенін айтқан еді.