Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Мың доллар»: Ақын Сырым Әуезхан тегін сұхбат бермейтінін айтты

Белгілі айтыскер ақын Сырым Әуезхан “Ұйқым келмейді” бағдарламасында өзінің райдері қандай екенін айтты. Сондай-ақ ол неліктен мұндай баға қойғанын түсіндірді. Бұл туралы Paryz.kz stan.kz-ке ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Мың доллар»: Ақын Сырым Әуезхан тегін сұхбат бермейтінін айтты
фото: әлеуметтік желіден

Ақынның телебағдарламаға шығу райдері – мың доллар.

“Сұхбат беру, сөйлеу немесе арнау айту бізге қиын емес. Біздің мақсат – ат мінгізіп, шапан жабу деген қазақтың дәстүрін жаңғырту. Бұрын шапан – күнделікті киетін киім, ат – көлік болған соң, құнды еді. Қазір шапан құдалықтың шапанымен шектеліп жатыр, ат мінгізді дегенде, “ат” деген аты болмаса, таксиге деп 5 мың теңге беріп жібереді. Ондай дүниеге бола шапқылай берсең, қадірің кетеді. Қазір нарықтық заман. Арнау дегеннің өзі жұмыс қой. Елдің ақынымыз, әрдайым халықтың көңілінен шығуға тырысамыз. Бірақ осы бойымыздағы қабілетті, құндылықты жан-жаққа шашып, бекерге шаршап қалмау үшін мүмкіндігінше бағаланатын, құнды жерге баруға тырысамыз. Қазіргі нарықтық экономикаға байланысты өмірге бейімделіп, баға қою керек”, – дейді ақын.

Айтыскер мұнда материалдық жағдайды қарастырмайтынын, керісінше, мұны халыққа пайдалы болудың жолы деп біледі.

“Мәселе үйде, ақшада емес. Біз сұхбатқа бармасақ та, арнау айтпасақ та, ауылда өмір сүріп жатырмыз. Менің негізгі мамандығым да айтыскер ақыны емес. Менің негізгі тіршілігім, өнермен немесе эфирге шығумен байланысты емес. Бірақ осы әрекеттерім, елдің алдында жүруім менің халыққа пайдалы болуым деп ойлаймын. Уақытты әркімнің көңіліне қарап жұмсап жібермей, мүмкіндігінше халыққа көбірек пайда әкелу керек. Ондай баға қоймайтын болсақ, екінің бірі бізді ерігіп мазалайды”, – дейді айтыскер.