Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Қазақстанға көшіп келіп жатқан қандастардың саны артты

Этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%), Түркістан (5,6%) облыстарына, Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды.

Қазақстанға көшіп келіп жатқан қандастардың саны артты
Фото: ашық дереккөз

Биылғы 1 желтоқсандағы есеп бойынша 12,3 мың қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлады paryz.kz, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1991 жылдан бері республикаға 1 млн 69,5 мың этникалық қазақ оралған. 2020 жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, яғни, 54,2%-ы Қытайдан, 30,0%-ы Өзбекстаннан, 8,9%-ы Түрікменстаннан, 3,7%-ы Моңғолиядан және 3,2%-ы басқа елдерден қоныс аударған. 

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (51,7%) және Маңғыстау (13,4%), Түркістан (5,6%) облыстарына, Нұр-Сұлтан (4,1%) және Шымкент қалаларына (3,7%) қоныстанды. 11 айдың қорытындысы бойынша еңбекке қабілетті жастағы қоныс аударушылар саны -  57,2%, еңбекке қабілетті жастан кішілері - 32,2% және зейнеткерлері - 10,6% болды.