Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Ауру шығар»: Бауыржан Ибрагимов досы Болат Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты

"Бауыржан шоу" театрының негізін қалаған Бауыржан Ибрагимов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Болат Назарбаевтың сырқаттанып қалғанына сенбейтінін айтты. Бұл туралы paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Ауру шығар»: Бауыржан Ибрагимов досы Болат Назарбаевтың қазіргі жағдайы туралы айтты
коллаж: stan.kz

“Мен онымен хабарласпағалы көп болды. Көп нәрсеге сене беретін жастан өтіп кеттім. “Ойбу, бейшара” деп аяп, сенетін жас болады. Ал есейіп, ақыл тоқтатқан кезде көп нәрсеге сене бермейсің. Сондай жағдайда жүрген, дүниесі бар адам ауырды дегенге сенбеймін. Ол – дені сау, жап-жақсы жүрген жігіт. Мен солай ойлаймын. Көзбен көрмегеннен кейін бір нәрсе айту қиын. Мүмкін, ауру шығар. Бірақ өз басым сенбеймін”, – дейді Бауыржан Ибрагимов.

Әзіл-сықақшы Нұрсұлтан Әбішұлымен де жақсы араласқанын жасырмай айтты.

“Нұрсұлтан Әбішұлымен араласпағалы көп болды. Ол кісіні соңғы рет 2017 жылы жаңа жылда көрдім. Бірге болдық, ол кісі – көпшіл адам. Қазақилығы, адамдармен араласып, әңгіме айтуы жақсы. Өз басым ол кісіге деген көңілім таза. Бірақ саясатпен, өмірде болып жатқан дүниелермен салыстырғанда “әттеген-ай” көп. Ол кісі жақсы лидер, саясаткер. Бірақ елімізде өзімізге керек дүниелерге мән бермей кетті. Дүниежүзі ол кісіні танып, сыйлағаны жақсы, бірақ біздің өз жеріміз, халқымыз, әл-ауқатымыз бар. Тым болмағанда ата-бабамыздан келе жатқан ауыл шаруашылығын сақтап қалуымыз керек еді. Ол кісі бірден Америка болғысы келді”, – дейді Бауыржан Ибрагимов.