Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

ШҚО-да түрмедегі 75 жастағы қария рақымшылыққа ілікті

Бостандыққа шыққан зейнеткер өңірдің ҚАЖД қызметкерлеріне алғысын білдірді.

ШҚО-да түрмедегі 75 жастағы қария рақымшылыққа ілікті
Фото: дереккөз

2019 жылы әйелін өлтіргені үшін қатаң режимдегі колонияға 8 жылға сотталған 75 жастағы қария 2021 жылды бостандықта қарсы алмақ. Түзету мекемесінде зейнеткер мүгедектер арбасымен жүрген және оны көптеген аурулар мазалай бастаған, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, түзету мекемесіне түскен уақытта зейнеткердің жағдайы өте ауыр болған. Колония дәрігерлері зертханалық зерттеулер жүргізіпті. Содан кейін сотталушы арнайы комиссияға, республикалық соматикалық аурухананың дәрігерлеріне ұсынылды.

"Колония қызметкерлері сотталушының материалдарын сотқа берді. Ол науқастануына байланысты 6 жылдан астам мерзімдік жазасын өтеуден босатылды. Сот ұсынысты қанағаттандырды", - деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшысының орынбасары Ғалымжан Балтабаев.

Бостандыққа шыққан зейнеткер өңірдің ҚАЖД қызметкерлеріне алғысын білдірді.

"Мен істеген ісіме қатты өкінемін. Әйелімді жақсы көрдім. Біз 52 жыл бірге өмір сүрдік. Сол күні екеуміз жанжалдасып қалдық. Мен оны итеріп жібердім. Ол құлап, басын ұрып алды. Мен қазірдің өзінде жазаландым деп ойлаймын. Себебі, жалғыз қалдым. Қажетті құжаттарды жинауға көмектескен және бейімдеу орталығына жеткізген мекеме қызметкерлеріне шын жүректен ризамын. Сонымен қатар, медициналық бөлімнің қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Олар маған ылғи да көмектесті", - деді қария.