«МунайСпецСнаб Компани» көлік компаниясының қызметкерлері Қазақстан президентіне, Жаңаөзен әкіміне және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасарына бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар өз үндеулерінде бірыңғай жалақы төлеу жүйесінің 70 пайызын енгізуді және жұмыс орнында ыстық тамақ берілуін талап етті.
Statsnet сервисінің ақпараты бойынша, "МұнайСпецСнаб Компани" – көлік және қоймалау қызметтерін ұсынатын компания. Маңғыстау облысында тіркелген, 15 жылдан астам уақыт бар жұмыс істеп келеді. Қызметкерлер саны – 250-500 адам. Жылдық кірісі – 16 851 349 000 теңге.