Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Нұрлан имам: Келін енеге келген жоқ, күйеуге шықты

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов отбасылық өмірде келін мен ене арасындағы мәселені қозғады. Имам келіннің енеге келмегенін, күйеуіне тұрмысқа шыққанын айтты, деп жазады Paryz.kz nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нұрлан имам: Келін енеге келген жоқ, күйеуге шықты
фото: әлеуметтік желіден

Ене мен келін тақырыбы жайлы Нұрлан имам Instagram парақшасында айтты.

"Бізде көбінесе біз "келін, келін" дейміз. Неге біз өз баламызды (ұлымызды - ред.) айтпаймыз? Неге ұлымызды айтпаймыз? Бізде көбінесе "Келін осындай болуы керек", "Келін міндетті немесе міндетті емес", "Келін былай тұруы керек" дейді. Бала қайда қалды? Бала (күйеуі -ред.) тұлға емес пе? Келін енеге келген жоқ қой. Келін күйеуге келді. Келін күйеуге шықты. Бұл жерде командир ене емес, күйеу болуы керек", - деді Нұрлан имам.