Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Жануарларды қорлағандарға 5,8 млн теңгеге дейін айыппұл салу көзделді

Олар 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.

Жануарларды қорлағандарға 5,8 млн теңгеге дейін айыппұл салу көзделді
фото: коллаж

Елімізде жануарларды қорлағандар сотталуы мүмкін. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осындай ұсыныс әзірлеп, құжатты Мәжілістің қарауына жіберді, деп хабарлады paryz.kz.

Олар жануарларға қатыгездік танытқандарға салынатын айыппұл көлемін 5,8 млн теңгеге дейін көбейту немесе оларды 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру керек деп отыр.

Заң жобасын әзірлеу кезінде депутаттардың, табиғат жанашырларының және жануарларды қорғаумен айналысатын ұйым өкілдерінің пікірі ескерілген.