Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Әуежайларға мың домбырашы апарайық». Депутат Алматыдағы оқиға туралы айтты

Айтыскер депутат Ринат Зайытов Астана мен Алматы әуежайларына әйгілі "Адай" күйін орындайтын мың домбырашы апаруды ұсынды. Жуырда оңтүстік астана әуежайында болған оқиғаға мәжілісмен осылай пікір білдірді, - деп хабарлайды Paryz.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Әуежайларға мың домбырашы апарайық». Депутат Алматыдағы оқиға туралы айтты
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет сағатында депутат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінді.

"Домбыра ішінде бірде-бір металл жоқ. Онда қой ішегі мен ағаштан басқа ештеңе жоқ. Ұлттық аспаптың еш зияны жоқ", - деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Зайытов әуекомпанияларына сәлем жолдап, ақын, халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деген сөзін еске салды.

"Қазақтың 4-5 ұлттық аспабы бар. Ұшаққа кіргізуге рұқсат беріңіздерші. Ал бұдан кейін де рұқсат бермесе, Алматы мен Астананың әуежайларына кемінде мың домбырашы апарып, "Адай" күйін ойнап, жалынып сұрайық", - деді депутат.