Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

SCAT әуекомпаниясы Аутист баланы ұшаққа мінгізбей қойған

27 мамырда Қостанай әуежайында SCAT әуекомпаниясының қызметкері Қостанай – Анталия бағытындағы рейсіне Ворониндер отбасын мінгізбеген, - деп хабарлайды Paryz.kz. 

SCAT әуекомпаниясы Аутист баланы ұшаққа мінгізбей қойған
Фото: Tengrinews.kz

SCAT әуекомпаниясы Ворониндер отбасынан кешірім сұрағанын, сонымен қатар өздері таңдаған күнге туристік пакетті ұсынғанын хабарлады.

"Жолаушыларымыздың осындай келеңсіз жағдайға тап болғанына қатты өкінеміз. Біз Ворониндер отбасының демалуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. Жолаушыларды рейстен шығарған қызметкерге қатысты барынша қатаң шаралар қолданылды", - деп хабарлады SCAT әуекомпаниясы.

Ал Азаматтық авиация комитеті SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғағанын хабарлады. Бұған әуекомпанияның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабын бұзғаны себеп болған.

"Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуекомпаниялары жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз. SCAT әуекомпаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды. Әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген SCAT әуекомпаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданады. Алайда, құқық бұзғаны үшін SCAT әуекомпаниясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады комтитет.