Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Шалға бекер сендік». Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан заңгер мәлімдеме жасады

Белгілі балуан Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан зардап шеккен заңгер Анна Чернова жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Paryz.kz  Vesti сайтына сілтеме жасап. 

«Шалға бекер сендік». Тұрлыхановтың ұлы соққыға жыққан заңгер мәлімдеме жасады
Фото: vesti.kz

"Бәрі тынышталғанын күтсе керек. Антикорға арыз жазып жатырмын. "Бәрі заңды болсын, мен араласпаймын" деген сөзде тұру қиын болған сияқты. Шалға сенген мен де жындымын, бекер сенгеніме көзім жетті". 

Оның сөзінше, іс сәуір айында сотта болу керек еді, ал қазір маусым айы келді. 

"Оларды бәрі қорғаштайды, олар үшін уайымдайды, ал біз... Бізді соққыға жығып, денсаулығымызға зиян келтіре беруге болады, одан кейін риза күйінде жоғарыда жүре беру норма ма?

Бәрі қорқып, жалпақтап "анандай фамилия"... Қандай ол?! Сәке мен бәкелерге тойдық!", - дейді ол.