Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Как аға ретінде...": Асанәлі Әшімов елбасы туралы сырын айтты

"Өзі тамақ ішетін жерге шақырып, 20 минуттай отырып әңгімелестік" , - дейді Асанәлі Әшімов. 

"Как аға ретінде...": Асанәлі Әшімов елбасы туралы сырын айтты
Фото: akorda.kz

Қазақтың танымал актері Асанәлі Әшімов Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлының YouTube арнасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлады paryz.kz.

"Жоқ, хабарласпайды. Хабарласқанда, жолығып қалғанда сәлеміміз дұрыс. "Еңбек Ері" атағын алғанда Президентке таңқалғаным, менен 3 жас кіші інім ретінде қарсы алды. Как аға ретінде мені. Соған мен риза болдым. Біз шыққанша жүгіріп келіп, лифтіні ашып, бізді отырғызып. Далада күтіп тұрған әйелім мен баламды шақырып алып, балама әке туралы өлең оқытып, риза болып, алтын сапты ручкасын сыйлады. Елгезек сондай. Өзі тамақ ішетін жерге шақырып, 20 минуттай отырып әңгімелестік. Адамгершілік жағы, жасы үлкен адамға көрсететін сыйды көрсетті. Соған риза болдым", - дейді Асанәлі Әшімов.