Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды

Орал қаласында көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Оралда көпірден секіріп кеткен 22 жастағы жігіт көз жұмды
Фото: stan.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 30 мамыр күні шамамен сағат 15.15-те Шаған өзенінен өтетін көпірде болды.

«2001 жылғы тұрғын «Динамо» спорт базасы маңындағы көпірден секіріп, өзіне-өзі қол жұмсады. Мәйіт Орал қаласының сот-медициналық сараптама орталығына жіберілді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 105-бабы 1-бөлігіне (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Тергеу амалдарын Зачаган полиция бөлімі жүргізуде», деп хабарлады ведомстводан.