Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Әжетханадағы қыздар төбелесі: ШҚО прокуратурасы істі сотқа жіберді

Шығыс Қазақстан облысында әжетханада студент қызды соққыға жыққан оқушыға қатысты қылмыстық іс аяқталып, іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды Paryz.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Әжетханадағы қыздар төбелесі: ШҚО прокуратурасы істі сотқа жіберді
фото: inform.kz

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиғаға кәмелетке толмаған жеті баланың қатысы бар. Тәртіп сақшылары тергеу барысында олардың барлығынан жауап алды.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары аяқталды. Прокуратура тергеудің барлық материалдарын зерделеп шықты. Іс сотқа жолданды», - делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, соттың алғашқы отырысы 5 мамыр күні өтеді.

Еске салсақ, сәуір айының басында оқушы қыздың колледж студентін соққыға жығып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде тарап, көптің қызу талқысына түскен еді. Белгілі болғандай, бұл оқиға наурыз айында Өскемендегі «АДК» сауда орталығының әжетханасында болған.