Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"370 миллион теңге": Мүгедектерге тиесілі жер учаскесі банкке өтіп кеткен (ВИДЕО)

Әрі қарай кепілдік шарты бойынша бұл учаске банктің меншігіне өтіп кеткен.

"370 миллион теңге": Мүгедектерге тиесілі жер учаскесі банкке өтіп кеткен (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

“Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің мүлкін талан-таражға салғаны үшін 65 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аясында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен алдау және сенімге қиянат жасау арқылы “Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігінің жылжымайтын мүлкін, атап айтқанда, Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан жер учаскесін иемденіп, оны банкке кепілге қойғаны үшін бұрын ҚР ҚК-нің 176-бабымен сотталған 1955 жылы туған азамат ұсталды. Әрі қарай кепілдік шарты бойынша бұл учаске банктің меншігіне өтіп кеткен.

"Осылайша көздері нашар көретін қоғамдық бірлестік мүшелеріне 370 миллион теңге көлемінде аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтірілген. Олар қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер деп танылды. Олардың құқықтары бұзылды.

Күдікті Нұр-Сұлтан қаласында ұсталып, ПД-нің Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты "Қамауға алу" шарасы таңдалды. Күдіктілер шеңбері мен басқа да эпизодтарды анықтау жұмыстары жалғасуда", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.