Ол "Алтын Арман" шағын ауданынан "Юбилейный" шағын ауданына қарай жолдың белгіленбеген бөлігінен өтіп бара жатқан.
Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында бүгін сағат 13:31 шамасында зейнеткерді автобус басып кеткен, деп хабарлады paryz.kz, Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Mercedes-Benz" маркалы автобусты басқарып келе жатқан 56 жастағы жүргізуші Назарбаев көшесінің бойымен №215 үйдің жанында Дизель зауытына қарай келе жатып, 80 жастағы әйелді қағып кетті. Ол "Алтын Арман" шағын ауданынан "Юбилейный" шағын ауданына қарай жолдың белгіленбеген бөлігінен өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Оқиға бойынша тергеу басталды.