Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақ-қырғыз шекарасындағы былықтың беті ашылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас басқармасының заңсыз алымдарға қатысы бар басқа лауазымды тұлғаларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы былықтың беті ашылды
Фото: ашық дереккөз

Қазақ-қырғыз шекарасында "Ақтілек-автожол" бақылау-өткізу пунктінде сыбайлас жемқорлық схемасы анықталды, деп хабарлады paryz.kz, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шу облысы Ішкі істер бас басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бастығы Шаирбек Бопонов пен ведомствоның 3 қызметкері заңсыз алымдарға қатысы бар деген күдікпен ұсталды.

"Жоғарыда көрсетілген өткізу пунктінде Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының инспекторлары құжаттарды тексеру сылтауымен халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын автокөлік құралдарының жүргізушілерінен тұрақты негізде 500 сомнан (2 500 теңге) 5000 сомға (25 000 теңге) дейінгі сомада ақша алғаны анықталды. Осы аталған БӨП-те күнделікті 100-ден 200-ге жүк көлігі өтеді. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ішкі істер министрлігі Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас басқармасының заңсыз алымдарға қатысы бар басқа лауазымды тұлғаларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жалғастырып жатыр", - делінген Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.