Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Алматыда полицейлер көзінше баланы көлікке күштеп отырғызған сәт видеоға түсіп қалды

Алматыда полицейлердің көзінше баланы көлікке күштеп отырғызған сәт видеоға түсіп қалды. Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның куәсі болды. Полицейлер жағдайды түсіндірді.

Алматыда полицейлер көзінше баланы көлікке күштеп отырғызған сәт видеоға түсіп қалды
фото: inform.kz

Оқиға 17 мамырда күндіз 15:30 шамасында Қарасай батыр көшесі бойындағы Алмалы аудандық полиция бөлімінің жанында болған. Ер адам мен әйел полиция бөлімшесінің дәл алдында жанжалдасып, балаға таласқан. Дауға полиция араласып, ер адамды ажыратып алған.

Осыдан кейін анасы болуы мүмкін әйел баланы еркінен тыс алып кетеді. Оған тағы бір ер адам көмектескен. Бала осы уақыт бойы айқайлап, көмекке шақырады, соған қарамастан оны белгісіз бағытқа алып кетеді.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық Полиция департаментіне жүгінді. Біраз уақыттан кейін оқиғаның мән-жайын анықтаған баспасөз қызметі егжей-тегжейлі пікір білдірді.

"Видеоға үш жыл бұрын ажырасқан ақтөбелік бұрынғы ерлі-зайыпты мен олардың ұлы түсірлген. Бір жылдай бұрын ер адам алдап, баланы ұрлап, Алматыға жасырған. Бала мектеп жасында, бірақ әкесі ұлын мектепке апармаған.

Жанжал болған күні анасы баланы тауып алып, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлармен бірге бұрынғы күйеуінің мекенжайына барған. Алайда бұрынғы күйеуі қарсылық танытып, бұрынғы әйелінің туысын соққыға жыққан. Содан кейін жәбірленуші арыз жазуға ниет білдіріп, барлық қатысушы Алмалы аудандық полиция бөліміне барады, сол сәт видеоға түсіп қалған", - деп түсіндірді Алматы қалалық Полиция департаменті өкілдері.