Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Ауылдың қарапайым баласын Испанияға шақырып жатыр

Ол болашағын үлкен спортпен байланыстыратынын айтады.

Ауылдың қарапайым баласын Испанияға шақырып жатыр
aikyn.kz

Қызылорда облысы Қызылтам ауылының тумасы, 16 жастағы Абдулхамит Маратұлы Испанияда өтетін іріктеуге дайындалып жүр, деп хабарлады paryz.kz, aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашында іріктеу болып, оған 300 бала қатысқан. Нәтижесінде, 15-і Эль-Пуэрто-де-Санта-Мария қаласына барып, белгілі клубтардың 2004 жылғы жастар құрамасына қабылдану үшін бақ сынап көрмек.

"Сонда біздің ойынымызды "Атлетико Мадрид", "Валенсия", "Реал Бетис", "Малага", "Херес" клубтарының скауттары бақылайды. Егер ұнаса, келісімшарт ұсынуы бек мүмкін. Айта кетерлігі, іріктеу 2004 жылғы жасөспірімдер арасында өтеді", - дейді Абдулхамит.

Ол болашағын үлкен спортпен байланыстыратынын айтады.

"Испанияға барып, мықты клубтардың бірімен келісімшарт жасау ойымда бар. Сонда қалып, шеберлігімді шыңдап, футболдың қыр-сырын үйренгім келеді. Өзімді жаттықтырған жаттықтырушылардың атын шығарып, еліміздің үлкен футболдағы мерейін өсірсем деймін. Кейінірек елге оралып, "Қайрат" пен "Қайсардың" бірінде доп теуіп, жетістіктерге жеткім келеді", - деді жас футболшы.