Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Бір топ жігіт пен патрульдік полиция қызметкерлері төбелесті (ВИДЕО)

Кадрдан бірнеше ер адамның тәртіп сақшыларының біріне шабуыл жасап, ұрғанын көруге болады.

Бір топ жігіт пен патрульдік полиция қызметкерлері төбелесті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Елімізде әлеуметтік желі қолданушылар арасында патрульдік полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасындағы қақтығыс түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлады paryz.kz, svodka.akipress.org-ке сілтеме жасап.

Кадрдан бірнеше ер адамның тәртіп сақшыларының біріне шабуыл жасап, ұрғанын көруге болады. Тағы бір полицей өзінің қызметтік қаруын алып, қозғалмауын бұйырып, ауаға атуды бастайды. Желі қолданушылар бұл оқиға Қазақстанда болған деп болжады. Алайда, шын мәнінде патрульдерге шабуыл Бішкекте 27 желтоқсанға қараған түні болған.

Басылымның хабарлауынша, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалғаннан кейін екі күдікті ұсталды. Олар - 1990 және 2004 жылы туған азаматтар.

Бішкек патрульдік полициясының баспасөз қызметі 26 желтоқсан күні түн ортасында инспекторлар қиылыста Volkswagen Passat көлігінің басқа көліктердің қозғалысына кедергі келтіргенін көрген. Көлікті тоқтатып, жүргізушіге жақындаған патрульдер жүргізуші мен жолаушыдан алкогольдің иісі шығып тұрғанын сезген. Жүргізуші мен жолаушы жүргізуші куәлігі мен көлік құжаттарын көрсетуден бас тартқан. Осылайша мас жігіттер балағат сөздер айтып, қарсылық көрсете бастайды. Олар кіші сержанттың погондарын жыртып, полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Содан кейін тәртіп сақшылары аспанға ескерту оқтарын атты.

Қазір тергеу-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.