Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

COVID-19: індетке шалдыққан атыраулықтардың 70 пайызы – Теңіз жұмысшылары

Науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР сынама алынады...

COVID-19: індетке шалдыққан атыраулықтардың 70 пайызы – Теңіз жұмысшылары
фото: atr.kz

Атырауда коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызы – Теңіз кенішінің жұмысшылары, деп хабарлады paryz.kz, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаеваның айтуынша, олардың саны коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

"ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталғаны туралы шұғыл хабарлама түскен бойда науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқшауланады", - деді Әсел Мұқаева.