Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

«Бәрін тастап, менімен кетті»: Жүрсін Ерман елу жыл отасқан жұбайына алғыс айтты

Жақында белгілі ақын Жүрсін Ерман Швейцарияның Женева қаласында ем қабылдап, елге оралды. Айтыс ұйымдастырушысы қиын сәтте жанында болған елу жыл отасқан жұбайына алғыс айтып, жастарға әйел таңдауға кеңес берді, деп жазады Paryz.kz "Айқын" басылымына сілтеме жасап.

«Бәрін тастап, менімен кетті»: Жүрсін Ерман елу жыл отасқан жұбайына алғыс айтты
Фото: instagram.com/zhursin_yerman

"Бақытжамалға ризамын. Елу жылдан бері қасымда келе жатыр. Швейцарияға да бірге барды. Ол ғана емес, 3 қызым да бірге барды. Бәрі қас-қабағыма қарап, жағдайымды жасады. Сондықтан ризамын.  Өмірлік серік болатын жарын мен­дей болып таңдасын. Бақыт­жамалдың да өз тағдыры болды. Бір кезде Қазақстанның белді дикторы еді. Менің жұмысым ауысқан кезде бәрін тастап, менімен бірге Астанаға кетті. Өз мансабын құрбан етті. Сондықтан жастарға айтарым: осындай сенімді, ойыңнан шығатын, қамқор болатын жар таңдау керек", - деді ақын Жүрсін Ерман.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Жүрсін Ерман шетелде ем алған сәтте қолдау білдірген достары жайлы айтты. Сонымен қатар айтыскер өзі ес-түссіз жатқанда Асанәлі Әшімовтің іздеп келіп, жылап кеткенін айтты.