Әскердегі зорлық зомбылықтың түп төркіні тереңде. Әскерге келген сарбаздар көбіне-көп Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуге дайын болмайды. Бұрын әскери бөлімшелердегі контрактімен жұмыс ісейтін әскери қызметкерлердің жалпы саны 25 пайыздан, сарбаздар саны 75 пайыздан аспайтын. Қазір керісінше. Бұған жол беруге болмайды. Өйткені, контрактниктер аз болса, олардың өзге шаруамен айналысуға уақыттары болмайды. Жас сарбаздарды әскери дағдыға үйрететін. Қазіргі кезде солдаттардан контрактниктер көп болғандықтан, олардың қолдары бос. Зеріккен адам тәртіпті қайтсын? Зорлық-зомбылықтың бір ұшы осында...
Ақша талап етеді, мобильдік телефондарына төлем төлетеді. Ал,қарапайым отбасынан келген балаларда ақша қайдан болсын? Еріксіз «счетчикке» отырады...Ащы да болса айтайын, соңында не біреу өледі, не өзі өледі...
Бұл азболса, қазіргі тендерге өткен асханалардан солдаттар тойып тамақ ішіп жүр дегенге сенім аз. Қарын аш болған соң, солдаттар тамақ іздеп табуға, немесе, тамақ алатын ақша табуға мәжбүр болады... Бұл да золықтың екінші себебі...