Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Абай Құнанбайұлының шөпшегі бақилық болды

Марқұмның артында Данияр Ақылбаев атты бір ұлы қалды. Ал Данияр - Абайдың еркек кіндіктен тараған соңғы ұрпағы.

Абай Құнанбайұлының шөпшегі бақилық болды
Фото: дереккөз

Абай Құнанбайұлының шөпшегі Айдар Ақылбаев қайтыс болды. Қаралы хабарды "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қорық-музейінің" директоры Жандос Әубәкір өзінің Facebook-тегі парақшасында естіртті, деп хабарлады paryz.kz.

"Хакім Абайдың Алматы қаласында тұратын ұрпағы Айдар Бағфурұлы дүниеден озыпты. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!" деп жазды Жандос Әубәкір.

Айдар Ақылбаев 1949 жылы дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы мұнай саласында жұмыс істеген. Марқұмның артында Данияр Ақылбаев атты бір ұлы қалды. Ал Данияр - Абайдың еркек кіндіктен тараған соңғы ұрпағы.