Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қонақ үйлерде "романтикалық кеш" өткізген елордалықтар ұятқа қалуда

Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші жағдайда жәбірленуші қыз, екінші жағдайда ер адам болды...

Қонақ үйлерде "романтикалық кеш" өткізген елордалықтар ұятқа қалуда
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтандағы қонақ үйлерде болған кездесуде ұқсас екі қылмыс орын алды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бірінші жағдайда жәбірленуші қыз болды. Ол ер адаммен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Кейін олар елордалық қонақ үйлердің бірінде кездесуге келіскен.

"Бөлмеде уақыт өткізіп, қыздың ұйықтағанын күткен соң, жаңа танысы оның құны 70 мың теңге тұратын Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ұрлыққа күдікті анықталып, ұсталды. Ол 38 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Ер адам кінәсін мойындады. Жәбірленушінің телефоны тәркіленіп, иесіне қайтарылды", - дейді ПД баспасөз қызметі.

Екінші жағдайда қылмыстың құрбаны ер адам болды. Мобильді танысу қосымшасы арқылы ол 54 жастағы әйелмен сөйлесе бастаған. Біраз уақыттан кейін ол ер адамға қонақ үйде уақыт өткізуді ұсынады.

"Бөлмеде олар алкогольдік ішімдіктер ішкен. Ер адамның ішімдік ішкеннен кейін ұйықтап қалуын күткен әйел қосымша арқылы телефонындағы өзінің карточкалық шотына 115 мың теңге аударып, содан кейін қонақ үйден шығып кеткен", - деп хабарлады құқық қорғаушылар.

Ер адам ұрлықты анықтап, полицияға жүгінген. Әйел ұсталды. Ол бәрін мойындап, ұрланған ақшаны жәбірленушіге қайтарып берді.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға әйелдің қатысы бар-жоғы да анықталады", - деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.